Үй ошағының жылуын қалай сақтаса болады
Отбасы екеуінен басталады. Жұбайымен нәзік қарым-қатынасты тіпті 20 жыл ортақ өмір сүруден кейін қалай сақтап, тұрмыс тіршілігіне отбасы қайығын қиратып алмауға болады? Алдымен – сіздің дұрыс психикалық күйіңіздің көмегімен. Отбасындағы эмоциялық ауа райына әйел жауап береді деп бекер айтпаған.
Өз отбасыңызды басқа отбасымен ешқашан салыстырмаңыз. Тіпті сізге олар мінсіз болып көрінетін және шынымен сондай болып табылатын болса да. Сіз бен күйеуіңіз – басқа адамдар. Ата-аналарыңыз бен достарыңызды бақытты ететін жайттар, жеке сіз үшін жарамсыз болуы мүмкін.
Осы жерде және қазір болып жатқанын бағалауға тырысыңыз, өмірді «кейін» және «егер» деген кезеңге қалдырмаңыз. Арнайы сылтауды немесе мезетті (балалар өскенде немесе жоғары еңбекақы төлейтін жаңа жұмысты тапқанда) күтпеңіз. Қуаныш үшін сәйкес емес мезет жоқ. Қазіргі уақытта қуаныштан бас тарта, өз өміріңізді кедейлете түсесіз.
Жұбайыңызды сыйлаңыз. Айтқан сөзіңізде тұрыңыз, оған қатысты барлық әрекеттерде күйеуіңіздің қызығушылықтарын, қалауларын және қажеттіліктерін ескеріңіз.
Алғысты болыңыз. Көмек үшін, күткен немесе сұрамаған, қолдау үшін, сізді қуантып не таң қалдырғаны үшін. Бұл шабыттандырады!
Күйеуіңізбен бәсекелеспеңіз. Отбасы – бұл жарысатын регата емес, тыл, қорған және тыныш айлақ. Кім мықты дегенді дәлелдеуге тырыса отырып, сіз ынтымақтастық пен өзара қолдаудан тұратын, отбасы өмірінің маңызын жоғалтасыз.
Оның ұсыныстарына, идеяларына, бастамаларына ашық болыңыз. Оларды талқылаңыз, олар сіз үшін әдеттен тыс болса да, іске асыруға тырысып көріңіз. Ақыры әлдебір нәрсені қабылдап, ұстап тұру үшін жұмып алған жұдырығыңызды емес, ашып тұрған алақаныңызды беру қажет, солай емес пе?
Жанжал мен даулар туындағанда әрдайым мәселенің конструктивті шешімін табыңыз. Кез келген дауда өз дұрыстығыңызды қорғауға талпынбай, жұбайыңыздың көзқарасын түсінуге тырысыңыз, соңында келісімге келуге жағдай жасаңыз. Бұл жағдайда жұбайыңыз үшін өз мүддеңізді құрбан ету міндетті емес – шешімнің бірнеше нұсқаларын қарастырыңыз.
Өзіңізде теріс эмоцияларды жинамаңыз, сәті келгенде оларды барлығын бірақ айтатындай, жұбайыңыз сіздің алдыңызда кінәлі екенін ақыры түсінетіндей жағдайға келтірмеңіз. Атам заманнан қалып, кенеттен еске түскен кінәнің аяқтан қалай шалатынын білсеңіз ғой. Мәселелерді туындаған жағдайға қарай шешуге тырысыңыз.
Тек қана жақсылықты есте сақтаңыз да, соған өзіңізді бейімдеңіз. Сонда алтын тойдың өзінде, «Өмірдің соңғы 50 жылына қайта оралсаңыз, осы еркекті таңдайтын ба едіңіз?» – деген сұраққа Сіз: «Әрине!» – деп нық сеніммен жауап бересіз.