🌺🌺 Еркекті ер ететін әйел
Сіз мен үшін, алып бәйтерексіз мен сіздің саяңыздағы көлеңкеңізбін.
Қанапияева Б.Н
Әйел адам өз теңін тауып бас қосқаннан кейін, ерінің көңілін тауып жанынан табылуы тиіс. Ерді ер етіп, жоғарыға көтеріп сүйрейтінде әйел адам. Әйел адам қаншалықты нәзік болған сайын тез қапаланғыш, тек қана күйеуі көңіл бөлгенін қалайды. Ер адамда сізден сондай жұбату мен көңілді күтеді. Ендеше төмендегі психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер:
Дәмді тағамдарды жиі әзірлеуді әдетке айналдырыңыз.
Қиын істер басына түскен кезде жанынан табылып қолдау көрсетіңіз.
Көңіл-күйі болмаса өз жағдайын айтқысы келмесе мазаламаңыз.
Үнемі бетінен сүйіп тұрыңыз.
Қателігін бетіне басып айта бермеңіз.
Өзгелердің көзінше ренжіспеуге тырысыңыздар.
Айтқан нәрсесін орындауға тырысыңыз.
Ешқашанда өтірік айтпаңыз. Арадағы жағдайды ушықтыруы мүмкін.
Еріңізді ренжіткен кезде дәмді тамағын әзірлеуге тырысыңыз.
Көңіл-күйіне мән беріңіз,көңіл-күйі жоқ болса мазасын алып әр-түрлі сұрақтармен мазаламаңыз.
Той жиындарда ұрыс шығармауға тырысыңыз күйеуіңізді тек жақсы жағын айтып мақтай біліңіз.
Жиі мақтау сөздерді айтып тұрыңыз.
Ер адам бала секілді қандай жағдайда болмасын жүзіне қуаныш ұялатып қуандыра біліңіз.
Сізге жасаған жақсылығын жиі есіңізге түсіріп жақсылықтарын айтыңыз.
Ренжітпеуге тырысыңыз.
Ең бастысы махаббаттарыңыз берік болса бәрінде жеңуге болады.
Сізді ренжіткен жағдайда, сізге қажеті оның құшақтап еркелеткені жетпей тұрған кезде,өзіңізде құшақтап жылы сөз айтыңыз.