🍋🍏 Әдетке айналдырар әрекеттер 🍏🍋 1. Әр таңды күліп қарсы алыңыз. Өйткені көтеріңкі көңіл-күй ерекше күш-қуат сыйлайды. 2. Таңғы ас ішер алдында бір стақан су ішуді ұмытпаңыз. 3. Жүгіруді бастаңыз. 4. Темекі мен ішімдіктен бас тартыңыз. 5. Алдағы күндеріңізге жоспар құрып үйреніңіз. 6. Күніне бірнеше жеміс-жидек не көкөніс жеңіз. 7. Тек қана жақсы нәрселер ойлаңыз. 8. Ешқашан еңсеңізді түсірмеңіз, тік жүруге тырысыңыз. 9. Таңертең физикалық жаттығу жасаңыз. 10. Күніне 4-5 рет бір уақытта тамақтануды дағдыға айналдырыңыз. 11. Жеделсаты дегенді мүлдем ұмытыңыз. Төмен түсерде де, жоғары көтерілерде де баспалдақпен жүріңіз. 12. Таңертең душ қабылдаңыз. Ол ұйқы ашылуына көмектеседі. 13. Ұйқыңызды қандырыңыз. Бір уақытта жатып, бір уақытта тұруға дағдыланыңыз. 14. Күн сайын кешкі салқынмен таза ауада серуендеңіз. 15. Ертең киетін киіміңізді кешке жатар алдында дайындап қойыңыз. 16. Жылына бір рет медициналық тексерістен өтіңіз. 17. Ойға келген тамаша идеяларды бірден жазып алыңыз. 18. Газдалмаған таза су ішіңіз. Күніне 2 литрден кем болмауы керек. 19. Ұйықтар алдында жатын бөлмеңізді желдетіп алыңыз. Салқындау бөлмеде ұйықтаған пайдалы. 20. Күніне 15 минут бөлме тазалығына уақыт бөліңіз. 21. Өз-өзіңізге қуаныш сыйлап тұрыңыз: жаңа киім сатып алыңыз, достарыңызбен киноға барыңыз. 22. Жатар алдында жуыныңыз. 23. Жұмсаған ақшаңыздың бәрін жазып отырыңыз. Ай сайын табысыңыздың азғантай бөлігін жинап жүріңіз. Алда не күтіп түрғанын кім біледі. 24. Жұмыстан үйге келген соң, әсерлі, әуезді әндер тыңдап, 15 минут босаңсып алыңыз. 25. Аптасына бір рет моншаға немесе саунаға барып тұрыңыз. 26. Фастфуд секілді денсаулыққа зиян тағамдарды ас мәзіріңізден шығарып тастаңыз. 27. Бір апта вегетариан болып көріңіз. Бәлкім сізге ұнап қалар. 28. Пернетақтаға қарамай теруді үйреніңіз. 29. Кездесулерге кешікпей, келіскен уақытта барыңыз. 30. Адамдарға әрдайым жылы сөз айтып, жақсылық қана ойлаңыз. 31. Аптасына аз дегенде 2-3 реттен бір сағат спортпен шұғылданыңыз. 32. Миды жаттықтырыңыз: сүйікті ақындарыңыздың өлеңдерін жаттаңыз, сөзжұмбақтар шешіңіз, шахмат ойнаңыз. 33. Бір күнде шет тілінде 10 сөз үйренуге тырысыңыз. 34. Күніне жарты сағат болса да қызықты кітаптар оқыңыз. 35. Сүйіктіңіз бен ата-анаңызға ешқандай себепсіз қоңырау шалыңыз. 36. Йогамен немесе тыныс алу жаттығуларын жасаумен айналысыңыз. 37. Жеке күнделік бастап, жеткен жетістіктеріңіз бен ерекше сәттеріңізді жазып отырыңыз. 38. Әдемі әрі сауатты сөйлеңіз. Аузыңыздан шығар сөзге абай болыңыз. Сөздік қорыңыздан балағат, тұрпайы сөздерді алып тастаңыз. 39. Өмірдегі жарқын кездерді суретке түсіріп жүріңіз. 40. Көзге де жаттығу жасау керегін ұмытпаңыз. 41. Күн сайын қышқыл сүт өнімдерін тұтыныңыз: айран, йогурт, майсыз сүзбе. 42. Дәннен жасалған нанға көшіңіз. 43. Үйде компьютер алдында 2 сағаттан артық отырмаңыз. 44. Кейде мұздай сумен де шайынып алыңыз. Ол өз-өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі. 45. Тек қана сапалы косметикаларды қолданыңыз. 46. Керек емес заттардың бәрін лақтырып тастаңыз. 47. Күн сайын жаңа бір нәрсе үйренуге ұмтылыңыз. 48. Жаңа сығылған шырын ішіңіз. 49. Демалыс күндерді өзіңіз ойлағандай өткізіңіз: тамаша табиғат аясына шығыңыз, жаңа адамдармен танысыңыз, сүйіктіңізбен бірге серуендеңіз. 50. Тек жақсылықты ойлаңыз. Есте ұстаңыз, егер бар ынта-жігеріңізбен тілесеңіз, орындалмайтын нәрсе жоқ.

Теги других блогов: сауық әрекеттер жүрегім